Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде баспана алу мақсатында банктен алынған қарыз мөлшері 2 есе артқан.
Ұлттық банк мәліметіне сүйенсек, 9 ай ішінде ипотекалық қарызға 2 триллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Салыстырмалы түрде бұл сома өткен жылдан 460 миллиардқа көп. Нәтижесінде, ипотекалық берешек 28%-ке өсіп отыр. Баспаналардың басым көпшілігі елорда, Алматы және ШҚО-да сатып алынған. Ал СҚО, Қызылорда мен Түркістанда үй алу үшін банктен ипотека рәсімдегендер саны аз.