447.14
500.35
5.24
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Азия ойындары-2026: Қазақстандық жүлдегерлер мен бапкерлерге қанша сыйақы төленеді?
Жаңалықтар

Азия ойындары-2026: Қазақстандық жүлдегерлер мен бапкерлерге қанша сыйақы төленеді?

05.10.2026
мин
0
128
Сурет: sports24.kz

Жапонияның Айти мен Нагоя қалаларында өткен XXI Азия ойындарын 84 медальмен аяқтаған Қазақстан құрамасының спортшылары мен бапкерлер ұжымы мемлекет тарапынан ақшалай сыйақы алады. Мемлекеттік бекітілған нормативтерге сәйкес, ел намысын қорғаған жүлдегерлерге берілетін төлем мөлшері белгілі болды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ереже мен төлем мөлшері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы №1345 қаулысына сәйкес, Азия ойындарында тұғыр биігінен көрінген отандық спортшыларға келесідей көлемде сыйақы тағайындалады:

 Алтын жүлде заңды иесіне: 10 000 АҚШ доллары (шамамен 4 477 300 теңге);

 Күміс медаль иегеріне: 5 000 АҚШ доллары (шамамен 2 238 650 теңге);

 Қола медаль еншілегенге: 3 000 АҚШ доллары (шамамен 1 343 190 теңге).

Бұл ретте қаржылай төлем теңге бағамымен есептеледі.

Командалық жарыстардың ерекшелігі

Айта кету керек, төлемнің жалпы сомасы тек медальдардың санымен шектелмейді. Командалық спорт түрлерінде жүлдеге ілінген әрбір спортшыға белгіленген мөлшерде жекелей сыйақы беріледі. Мәселен, құрама ұжымы алтын алған жағдайда, жеңімпаз құрамдағы әрбір спортшыға 10 000 доллардан толықтай төленеді.

Бапкерлерге берілетін қолдау

Азия ойындарының жүлдегерлерін дайындап, жеңіске жеткізген жаттықтырушылар құрамы да назардан тыс қалмайды. Оларға тағайындалатын сыйақы көлемі мынадай:

 Чемпион дайындаған бапкерге: 5 000 АҚШ доллары (2 238 650 теңге);

 Күміс жүлдегердің жаттықтырушысына: 3 000 АҚШ доллары (1 343 190 теңге);

 Қола медаль иегерін баптаған маманға: 2 000 АҚШ доллары (895 460 теңге).

Құраманың турнирдегі нәтижесі

Еске салсақ, Жапониядағы дүбірлі бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасы 12 алтын, 24 күміс және 48 қола медаль еншілеп, жалпы есепте 84 жүлдемен 8-орынға тұрақтады.

Бұл — 2023 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азиадамен салыстырғанда айтарлықтай өсім. Ол кезде отандық спортшылар 11-орыннан көрiнген едi. Осылайша, ұлттық құрама рейтингте 3 сатыға жоғарылап, алтын алқалар санын едәуір арттырды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл