Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтінімдер лимиті 5000-нан 7500-ге дейін артты. Ол үшін мемлекеттен қосымша 20 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Dauletten.kz Отбасы банкінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Биыл 12 сәуірден бастап 26 мамырға дейін Банк сайтында «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылданды. Барлығы 37 592 өтінім», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, өтініштерді қарастыру барысында басымдық мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға және көпбалалы отбасыларға берілді.
Ипотекалық бағдарламаны бөлу төмендегідей тәртіп бойынша қарастырылды:
Еске сала кетейік, "Бақытты отбасы" бағдарламасына баспана кезегінде тұрған белгілі бір санатқа жататын отбасылар қатыса алады. Банктен жеңілдетілген несие рәсімдеу арқылы жылдық 2% мөлшерлемемен 20 жылға дейін қарыз алуға болады. Бастапқы жарна баспана бағасының 10%-ін құрайды. Жылжымайтын мүлікті Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау мен Ақтау қалаларында 15 млн теңгеге дейін алуға болса, басқа өңірлерде 10 млн теңге шамасында белгіленген.
Тағы көру