467.58
543.66
6.44
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Бас мүфти Құрбан айт қарсаңында кәсіпкерлерді бағаны негізсіз өсірмеуге шақырды
Жаңалықтар

Бас мүфти Құрбан айт қарсаңында кәсіпкерлерді бағаны негізсіз өсірмеуге шақырды

19.05.2026
мин
0
39
Сурет: muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Құрбан айт мерекесі алдында кәсіпкерлерге үндеу жасап, мал бағасын шектен тыс көтермеуге және халықтың әлеуметтік жағдайын ескеруге шақырды, — деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Бас мүфти Құрбан айттың тек діни мейрам ғана емес, қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайтатын, қайырымдылық пен жанашырлықты дәріптейтін ерекше рухани кезең екенін айтты.

- Құрбан айт тек діни мереке ғана емес, қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайтатын, қайырымдылықты паш ететін рухани мейрам. Осы орайда еліміздегі барша кәсіпкер азаматтарды Құрбан айтта мал құнын қолдан көтермей, халықтың әлеуметтік жағдайын ескеріп, оңтайлы баға ұсынуға, жұртымыз күнде тұтынатын азық-түлікке мүмкіндігінше жеңілдік жасауға үндеймін», – деді ол.

Сонымен қатар, Наурызбай қажы Тағанұлы қазақстандықтарды Құрбан айтты ұлттық дәстүрге сай атап өтуге шақырып, мереке күндері ұлттық киім киюдің маңызын атап өтті.

Айта кетейік, биыл Құрбан айттың алғашқы күні 27 мамырға сәйкес келеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл