Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Бас санитар дәрігер: «Алматы мен Нұр-Сұлтанға барудан аулақ болыңыз»
Жаңалықтар

Бас санитар дәрігер: «Алматы мен Нұр-Сұлтанға барудан аулақ болыңыз»

22.03.2021
1 мин
0
1340

COVID-19 коронавирустық инфекциясының Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында көп тіркелуіне байланысты Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов аталған қалаларға барудан аулақ болуға кеңес берді.   

Ведомствоаралық комиссияның мәліметі бойынша соңғы 2-3 күнде COVID-19-ды жұқтырған науқастардың көбеюі байқалды. Ал Қазақстанның ең ірі екі мегаполисінде коронавирус бойынша елдегі барлық тіркелген жағдайлардың 55 проценті анықталды.  

«Коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупі қоғамдық орындарға, сауда орталықтарына, базарларға бару, бұқаралық іс-шаралар (үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б.) кезінде, қоғамдық көліктердегі профилактикалық іс-шаралардың сақтамауына байланысты», – деді Қиясов.

Коронавирустық инфекцияның ары қарай таралып кетпеуінің алдын алатын шаралар тез арада жедел штаб шешімімен қабылданып жатыр. Осыған байланысты бас санитар дәрігер бірқатар түсіндірмелер берді. Оның айтуынша, эпидемиологиялық жағдай әлем бойынша нашарлап, көп елде шектеулерді қатаңдату шаралары жүргізіліп жатыр.       

Сондықтан Ерлан Қиясов қазақстандықтарды Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына барудан аулақ болуға, халықтың жаппай жиналатын жерлеріне бармай, демалысты жақындармен өткізуге, қонақ шақырудан және қонаққа барудан тыйылуға, өткір респираторлық инфекциялармен ауыратын адамдармен тығыз байланыста болмауға, шетелге бармауға және әлеуметтік қашықтық пен маска режимін сақтауға шақырды.

Айта кететін жайт, егер былтыр ең жас науқас 1980 жылғы болса, биыл мектепке дейінгі жастағы науқастардың саны екі есеге артты. Ал науқас оқушылар саны үш есеге көбейді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл