Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Баспана бағасы 30%-ке қымбаттайды: үкімет болжамға түсініктеме берді
Жаңалықтар

Баспана бағасы 30%-ке қымбаттайды: үкімет болжамға түсініктеме берді

30.09.2021
1 мин
3
1326

Елімізде жылжымайтын мүлік бағасының өсуіне ешқандай себеп жоқ, деп мәлімдеді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев. Ол құрылыс салушылардың тұрғын үй құнының алдағы уақытты 20-30%-ке өсуі туралы болжамын негізсіз деп санайды.

Ол брифинг барысында 2021 жылдың басында жылжымайтын мүлік бағасының өсуі пандемия, логистика және құрылыс материалдарын жеткізу мәселелері мен зейнетақы жинағындағы қаражатты  алу аясында сұраныстың артқанын айтты.

«Қазір мұндай факторлар жоқ, сол себепті баспана бағасының қымбаттауы  күтілмейді. Жылжымайтын мүлік бағасының 30%-ке қымбаттауы жайлы болжам негізсіз деп ойлаймын», - деді Марат Қарабаев.

Оның айтуынша, зауыттардағы құрылыс материалдарының бағасы тұрақты, сондай-ақ жыл ортасынан бастап бағаның тұрақталғаны байқалды. Ал ішкі нарық отандық құрылыс материалдарымен 60%-ке қамтамасыз етілген. Алдағы екі жылда еліміде линолеум, түсқағаздар мен керамикалық плиткалар өндірісі іске қосылады.

Еске сала кетейік, жақында бағаның өсуі туралы болжамды Құрылысшылар одағының басшысы Талғат Ерғалиев айтқан еді. Ол құрылыстың 35-40%-ке қымбаттауына байланысты бастапқы нарықта шаршы метр құнының өсуі күтіліп отырғанын мәлімдеген. Ол бағаның өсуі 2022 жылдың көктемінде болуы мүмкін екенін болжады. 

Депозитке ай сайын ақша салып тұрасыз ба?
7844 адам
Иә 0%
Жоқ 0%
Кейде 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
3 Пікір
О
Ораза 30.09.2021
Кымбаттайыт деп ойлайым
Жауап беру
Ш
Шынар 30.09.2021
Қымбаттап қаида барады өзі жетпеи тұрғанда
Жауап беру
А
Айкөркем 30.09.2021
Қымбаттамай тұра тұрса екен, жеткізе алмай жатырмын, мен жинап болғанша тағы қымбаттайдыма сонда
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл