Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақтауда магистралдық құбырларға жөндеу жұмысын жүргізу жоспарланған, деп хабарлайды dauletten.kz, mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Осы жұмыстардың жүргізілуіне байланысты жылу беру маусымына дейін ыстық су беру тоқтатылады. Магистральдық құбырдың жалпы ұзындығы - 44 шақырым, оның 7,9 шақырымына жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланып отыр.
«Жөндеу жұмыстарын жүргізу – қыс мезгілінде жылуды үздіксіз беруге мүмкіндік береді. Ақау шығатын жерлер таңдап алынды», - деді "МАЭК" ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі бірінші орынбасары Сәбит Желкушинов.
Оның айтуынша, құбырлардың тозуы 79 пайызға жетіп отыр.