Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мәжілісте жаңа салық кодексі жобасын қорғап жатқан премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин үкімет "сән-салтанат салығы" деп аталатын тауарлардың жекелеген санаттарына жоғары салық салуды ұсынылатынын айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жұманғариннің сөзінше, ол үшін жылжымайтын мүлік құны 450 миллион теңгеден асатын болса, мүлік салығының мөлшерлемесін ұлғайту ұсынылады.
– Біз "сән-салтанат салығы" деп аталатын тауарлардың жекелеген санаттарына жоғары салық салуды ұсынамыз. Ол үшін жылжымайтын мүлік құны 450 миллион теңгеден асатын болса, мүлік салығының мөлшерлемесін ұлғайту ұсынылады. Сондай-ақ құны 75 миллион теңгеден асатын жеңіл автомобильдерге, сондай-ақ қымбат теңіз кемелері мен ұшу аппараттарына акциздер енгізу жоспарланып отыр, - деді Серік Жұманғарин.
Сондай-ақ салық төлеушілермен жұмыстың сервистік моделі ұсынылады. Салықтық әкімшілік жазалауды тоқтатады.
Одан бөлек Үкімет әділдік мақсатында қымбат алкогольдік сусындар мен сигараларға 10% акциз енгізуді ұсынып отыр.