Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Республика күні Бейжіңде де аталып өтті, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ұлттық мереке "Балдырған" балаларды дамыту орталығында тойланды. Іс-шара барысында патриоттық әндер орындалып, балалар өлең оқыды. "Алтын өлкем" көрмесі ұйымдастырылып, оған оқушылардың еңбектері қойылды. Мерекелік шара өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиетті сіңіріп, тәрбиелеуге бағытталған. Оған қазақстандық балалар мен ата-аналардан бөлек, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің өкілдері қатысты. Сонымен қатар аспаздар жәрмеңкесі өткізілді. Қазақтың ұлттық тағамдары әзірленіп, көпшілікке ұсынылды. Жәрмеңкеден түскен қаржы қайырымдылыққа жұмсалады.
- Ұрпағымыз дұрыс тәрбиелі болу үшін біз осындай іс-шараларды жүргізіп отырамыз. Қазақстанның әрбір мерекесін атап өтеміз. Ол бір жағынан салт-дәтүрді, тілін ұмытпау үшін. Бүгін де мысалы Республика күнін балалармен бірге өткіздік, - дейді "Балдырған" балаларды дамыту орталығының меңгерушісі Назгүл Назарбекова.