Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Биыл 50 жолаушылар вагоны жаңартылады
Жаңалықтар

Биыл 50 жолаушылар вагоны жаңартылады

27.07.2023
2 мин
0
554
Фото: ҚТЖ

Биылғы жартыжылдықта «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ қызметтерін 6,5 млн адам пайдаланған, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Салыстырмалы түрде айтсақ, 2021 жылы 11,6 млн адам тасымалданса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 14 млн адамға жеткен

Қазақстанда жолаушылар тарапынан теміржол көлігіне деген сұраныс  тұрақты сақталып отыр. Бұл ретте жолаушылар ескірген вагондерге жиі шағымданатынын ескеру қажет.

Қазір елімізде 2 553 вагон бар. Олардың 50%-дан астамы 10 жылдан аса жұмыс істеп келеді. 486 вагон шамамен 11-20 жылдай жолаушылардың игілігіне пайдаланылып жүр. Десе де 957 вагон немесе 37%-ы расымен ескірген, өйткені олар 28 жылдан артық қолданыста.

Бұл орайда «ҚТЖ» ҰК» АҚ жылжымалы құрамды жаңарту бойынша жұмысты мақсатты түрде және кезең-кезеңмен іске асырып жатқанын айта кеткен дұрыс. Айталық, кейінгі 10 жылда вагондар паркі 50%-ға жаңартылды. 2010 жылдан бастап 1 100-ден астам жолаушылар вагоны, оның ішінде 600-ден астам «Тальго» вагоны сатып алынды.

Сонымен бірге биыл «ЗИКСТО» АҚ-нан 50 жаңа жолаушылар вагоны келеді деп жоспарланған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл