488.96
569.49
6.81
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Биыл әскерге шақырылған жастарға қандай мүмкіндіктер қарастырылған?
Жаңалықтар

Биыл әскерге шақырылған жастарға қандай мүмкіндіктер қарастырылған?

02.06.2026
мин
0
306
Сурет: osken-onir.kz

Қазақстанда көктемгі әскерге шақыру науқаны жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта әскери құрылымдарды жасақтау жоспары толық орындалып, мерзімді қызметке қабылданған жастар әскери дайындықтың негізгі кезеңдерінен өтуде, — деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Президент Жарлығына сәйкес биылғы көктемгі әскерге шақыру науқаны 17 наурызда басталып, 30 маусымға дейін жалғасады. Науқан аясында еліміздің қорғаныс саласындағы түрлі әскери құрылымдарына азаматтарды қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

1 маусымдағы мәлімет бойынша Қарулы күштерді, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін, Мемлекеттік күзет қызметін және Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерін толықтыру жоспары мерзімінен бұрын орындалған.

Қорғаныс ведомствосының дерегіне сүйенсек, әскер қатарына жаңадан қосылған азаматтардың көпшілігі бастапқы әскери даярлық курсынан өтіп үлгерген. Олар әскери тәртіп талаптарын меңгеріп, саптық және атыс дайындығы бойынша тәжірибе жинақтаған. Сонымен қатар, қару-жарақтың негізгі сипаттамаларымен танысып, әскери ант қабылдау рәсіміне қатысқан.

Бүгінде мерзімді қызметтегі сарбаздар әскери ортаға бейімделіп, өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға кіріскен. Қызмет барысында оларға бірқатар әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады. Атап айтқанда, несиесі бар әскери қызметшілер төлемдерін уақытша кейінге шегеру мүмкіндігін пайдалана алады. Сондай-ақ көптеген жас сарбаз әскери борышын өтегеннен кейін мемлекеттік білім гранттарын иеленуге арналған конкурсқа қатысуды жоспарлап отыр.

Қазіргі уақытта ел өңірлерінде әкімдердің орынбасарларының басшылығымен қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссиялары өз жұмысын жалғастырып жатыр. Негізгі күш Ұлттық ұлан бөлімшелерін жасақтауға бағытталған. Жоспарға сәйкес, оның қатарына 7 мыңнан астам жас шақырылатын болады.

Әскерге шақыру туралы хабарламалар азаматтарға электронды форматта жіберіледі. SMS-хабарлама немесе eGov порталы арқылы жолданатын шақырулар белгіленген күннен кемінде үш күн бұрын жеткізіледі және ресми құжат мәртебесіне ие.

- Электрондық хабарлама ресми шақыру мәртебесіне ие. Хабарлама алған азаматтар жергілікті атқарушы органдардың әскерге шақыру пунктіне келуге міндетті. Дәлелді себепсіз келмеген жағдайда әкімшілік жауапкершілік, ал әскери қызметтен жүйелі түрде жалтарғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, - деді ведомство өкілдері.

Жалпы көктемгі әскерге шақыру науқаны барысында Қазақстан Республикасының Қарулы күштері мен басқа да әскери құрылымдарының қатарына 18 бен 27 жас аралығындағы 21 мыңнан астам азамат қабылданады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл