Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Биыл білім гранттарына қанша талапкердің өтініш бергені белгілі болды
Жаңалықтар

Биыл білім гранттарына қанша талапкердің өтініш бергені белгілі болды

22.07.2025
1 мин
0
120

Қазақстанда 2025 оқу жылына арналған білім беру гранттарын тағайындау конкурсына 113 мыңға жуық талапкер өтініш білдірді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Министрліктің мәліметінше, өткен жылы бұл көрсеткіш 104 мыңнан асқан. Биыл бакалавриат бойынша 77 мыңнан астам мемлекеттік білім гранты бөлініп отыр. Оның ішінде басым бөлігі инженерлік және техникалық бағыттарға тиесілі.

Сонымен қатар:

  • "Педагогикалық ғылымдар" және "Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат" бағыттары бойынша 150 сараланған грант қарастырылған;
  • "Серпін" бағдарламасы аясында 2 412 грант бөлінді;
  • Атырау және Маңғыстау облыстарының түлектері үшін 2 500 мақсатты білім беру гранты көзделген.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, соңғы бірнеше жылда талапкерлер арасында ең көп сұранысқа ие білім беру бағыттары айтарлықтай өзгерген жоқ. Биыл да көп өтініш келіп түскен бағыттар қатарында "Педагогикалық ғылымдар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары", сондай-ақ "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" бар.

Сонымен бірге, аударма ісі, педагогика, психология, дизайн және құқық салаларында бір гранттық орынға ең жоғары конкурс деңгейі күтіліп отыр.

Білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі шешімді Республикалық конкурстық комиссия қабылдайды. Оның құрамына Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйым өкілдері енеді.

Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл