479.26
546.21
6.13
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
 Биыл елде 20 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі
Жаңалықтар

Биыл елде 20 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

01.07.2026
мин
0
146
Сурет: informburo.kz

Қазақстанда тұрғын үй құрылысының қарқыны бәсеңдер емес. Үкіметтің жоспарына сәйкес, жыл соңына дейін ел бойынша 20 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Сонымен қатар биыл жаңа өндірістер іске қосылып, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға триллиондаған теңге бағытталмақ, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстанда құрылыс саласы биыл экономиканың негізгі драйверлерінің біріне айналып отыр. Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың айтуынша, жылдың алғашқы бес айында саладағы жұмыс көлемі 13,4 пайызға өсіп, 2,4 триллион теңгеге жеткен. Осы қарқын сақталса, жыл соңына дейін 20 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі.

Алайда тұрғын үй көлемінің артуы баспана мәселесі толық шешілді дегенді білдірмейді. Соңғы жылдары құрылыс көлемі ұлғайғанымен, көптеген өңірде пәтер бағасы халық табысынан әлдеқайда жылдам өсіп келеді. Сондықтан басты мәселе – тек көп үй салу емес, оны тұрғындар үшін қолжетімді ету.

Министрдің мәліметінше, өңдеу өнеркәсібі де оң нәтиже көрсетіп отыр. Бес айдың қорытындысында өсім 9 пайызға жеткен. Бұл жаңа өндірістік кәсіпорындардың іске қосылуымен байланысты. Биыл жалпы құны 1,7 триллион теңге болатын 200 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Оның ішінде 74 жоба пайдалануға беріліп, оған 252 миллиард теңге инвестиция салынған.

Инвесторлар үшін арнайы экономикалық аймақтарда «бірыңғай терезе» қағидаты іске қосылды. Жаңа жүйе кәсіпкерлерге әр мекемені араламай-ақ, қажетті рұқсат құжаттарын бір жерден рәсімдеуге мүмкіндік береді. Бұл инвестициялық жобаларды іске асыру мерзімін қысқартуға бағытталған.

Үкімет коммуналдық инфрақұрылымды жаңартуға да басымдық беріп отыр. 2030 жылға дейінгі ұлттық жоба аясында елдегі тозған су құбырлары мен кәріз желілері кезең-кезеңімен жаңартылады. Осы мақсатқа 1 триллион теңгеден астам қаржы бөлініп, 5 мың шақырым су құбыры мен 2,8 мың шақырым кәріз желісі жөнделмек. Бұған қоса, 800 миллиард теңгеге 45 кәріз тазарту нысаны салынып немесе қайта жаңғыртылады.

Айта кетейік, 1 шілдеден бастап Қазақстанда жаңа Құрылыс кодексі күшіне енді. Құжат құрылыс саласындағы талаптарды күшейтіп, лицензиясы бар компаниялардың бірыңғай электрондық тізілімін енгізуді көздейді. Бұл нарықтағы ашықтықты арттырып, құрылыс сапасын бақылауды күшейтуге бағытталған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл