Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Биыл көпбалалы отбасыларға қанша қаржы төленді
Жаңалықтар

Биыл көпбалалы отбасыларға қанша қаржы төленді

20.10.2020
1 мин
5
1952

2020 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында жалпы сомасы 171,2 млрд теңгеге 386,6 мың отбасы көпбалалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақымен қамтылды.

Қыркүйек айында осы жәрдемақы түрін жалпы сомасы 17,9 млрд теңгеге 359,6 мың отбасы алды. Аталған мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады. Төлем мөлшері балалардың санына байланысты 44 532 теңгеден (4 бала) 77 951 теңгеге (7 бала) дейін, 8 және одан кейінгі әр балаға 4 АЕК-тен сараланған.

Осылайша, осы жәрдемақының ұлғаюы 8 және одан да көп баласы бар отбасылар үшін жеке мөлшерді белгілеу арқылы қамтамасыз етілді. Тиісті заңға Мемлекет басшысы ағымдағы жылғы 13 мамырда қол қойды.

8 баласы бар отбасы үшін жәрдемақы 88 896 теңгені құрайды, 9 балаға – 100 008 теңге, 10 – 111 120 теңге, 11 - 122 232 теңге, 12 – 133 344 теңге, 13 – 144 456 теңге, 14 – 155 568 теңге, 15 - 166 680 теңге, 16 – 177 792 теңге төленеді.

Заң 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Осыған байланысты 8 және одан көп баласы бар көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері тағайындалған кезден бастап қайта есептелді. Сонымен ағымдағы жылдың шілде айында аталған отбасылар жаңа мөлшерде жәрдемақыны, сондай-ақ қаңтар-маусым айларында қалыптасқан айырманы алды.

Жалпы, 2020 жылы көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 191,1 млрд  теңге қарастырылған.

Еске сала кетейік, Қазақстандағы көпбалалы отбасыларға олардың кірістерін есепке алмай берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақы, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде қарастырылған табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты аясында енгізілді.
 

Дереккөз: www.24kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
5 Пікір
Г
Гулжан 21.10.2020
Кайдағы комек тек балардың пасобиясы ғана ғой беріп жаткандары баска ешкандай комек кормедік
Жауап беру
А
Алма 20.10.2020
Коп балалы анамын кишкентайыммен уйде откан ешкандай акша берген жок ай сайынгы жургекпул гана, берды деп айтып есеп береды кимге белгысыз каншама ана алдында да кешегы жолы да 50 000 ала алмай ар номерге звандап койдык кой
Жауап беру
Ш
Шайда 20.10.2020
Буйырганын алып жатырмыз
Жауап беру
Д
Динара 20.10.2020
Осы алып журген коп балага акша 2021жылы токтайды деп жатр сол распа сосын асп да токтатылады дид
Жауап беру
Г
Гүлжан 20.10.2020
3баласы барларга берілмейді ме және бала туылғаннан жасына толғанға дейінгі ақшасын 3жасқа дейін берілуге зан шықтыма
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл