Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Биыл қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Жаңалықтар

Биыл қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

25.12.2025
мин
0
168
Сурет: ОКҚ

2025 жылдың басынан бері 14,8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың 44,5%-ы Өзбекстаннан, 43,6% – Қытайдан, 4,1% – Түрікменстаннан, 3% – Монғолиядан 2,5% – Ресейден және 2,3 басқа елдерден. Осы жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 57,4%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 34%-ды және зейнеткерлер 8,6%-ды құрайды.

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың 44,5%-ы Өзбекстаннан, 43,6% – Қытайдан, 4,1% – Түрікменстаннан, 3% – Монғолиядан  2,5% – Ресейден және 2,3 басқа елдерден.

Осы жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 57,4%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 34%-ды және зейнеткерлер 8,6%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 15%-ы жоғары білімді, 27,6%-ы орта кәсіби білімді, 51,1%-ы жалпы орта білімді, және 6,3% білім жоқ.

Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды.

Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Қоныстандыру өңірлерінде 2025 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 2 309 адамды құрайды. 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 2 218 қандас қоныс аударды.

Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады – бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (275,2 мың теңге) мөлшерінде; тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (59-ден 118 мың теңгеге дейін) мөлшерінде.

Жыл басынан бері 1279 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілді. Атап айтқанда, 356 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Сонымен қатар ерікті қоныс аударудың тиімділігін арттыру мақсатында азаматтарды солтүстік өңірлерге қоныс аударуға қатысатын жұмыс берушілерді қолдау бойынша институционалдық шаралар қабылданды. Тұрғын үй сатып алу, салу үшін немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін экономикалық ұтқырлық сертификаты тұрғын үй құнының 50%-ы немесе бір отбасына 4,56 млн теңгеге дейін мөлшерінде біржолғы өтеусіз және қайтарымсыз негізде енгізілді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл