Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталды. Грантқа 29 жасқа дейінгі жастар мен халықтың әлеуметтік әлжуаз тобының өкілдері үміткер бола алады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады
Грант сомасы – 400 АЕК немесе 1 225 200 теңге.
Гранттар кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру аясында беріледі.
"Шағын және орта бизнес – қала экономикасында жетекші орынға ие, жұмыс істейтін 10 алматылықтың 6-уы осы салада істейді. Биылдан бастап гранттарды сертификатсыз алуға болады. Өтінімдер сәуір мен қараша аралығында қабылданады, нақты мерзімі мен кезеңдерін қосымша хабарлаймыз", - деп мәлімдеді Алматы қаласы әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Зафар Аппазов.
Өтінім 1 сәуірден бастап business.enbek.kz порталы арқылы қабылданып жатыр. Өтінімді қарау мерзімі – 10 жұмыс күні.
Грант алу үшін мыналар қажет:
Гранттарды комиссия шешімі негізінде Халықты жұмыспен қамту орталығы береді. Комиссия мүшелері бизнес-жоспарды келесі критерийлер бойынша бағалайды:
Тағы көру