447.88
516.58
5.29
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматы облысында тұрғыннан 881 түп қарасора тәркіленді
Жаңалықтар

Алматы облысында тұрғыннан 881 түп қарасора тәркіленді

16.09.2026
мин
0
64

Алматы облысында құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі анықталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

«Қарасора-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Алматы облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісінің жолын кесті.

Тексеру барысында қарасораға ұқсас, арнайы өсірілгені анық байқалатын 881 түп өсімдік анықталып, тәркіленді. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен 44 жастағы ер адам ұсталды. Анықталғандай, ол шамамен екі ай бойы өсімдіктерді өз бетінше өсіріп, күтіп, суарып отырған.

Аталған факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді. Жауап алу барысында күдікті кінәсін мойындап, өсімдіктерді өткізу мақсатынсыз, жеке пайдалану үшін өсіргенін түсіндірді. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Полиция ескертеді: құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл