465.74
537.23
5.62
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Бизнеске көмек көрсететін бірыңғай орталықтар пайда болады
Жаңалықтар

Бизнеске көмек көрсететін бірыңғай орталықтар пайда болады

12.08.2026
мин
0
88
Сурет: Ғаламтордан

Кәсіпкерлердің «қайда жүгінерімді білмеймін» деген мәселесін шешу үшін Қазақстанда бизнесті қолдау және сүйемелдеу орталықтары құрылады. Алғашқы пилоттық жоба бес өңірде іске қосылады, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте бизнесті қолдау және сүйемелдеу орталықтарын (БҚСО) құру тұжырымдамасы таныстырылды. Жоба «Даму» қорының өңірлік филиалдарының базасында жүзеге асырылады.

«Даму» қорының басқарма төрағасы Фархат Сәрсекеевтің айтуынша, мемлекет кәсіпкерлерге арналған қолдау құралдарын ұсынғанымен, бизнес өкілдері қиындық туындағанда нақты қай органға жүгіну керектігін жиі білмейді. Себебі бір мәселені шешуге бірнеше мемлекеттік орган мен ұйым жауапты болуы мүмкін.

Осыған байланысты кәсіпкердің мәселесін анықтаудан бастап, оны толық реттеуге дейін сүйемелдейтін бірыңғай тетік әзірлеу қажеттілігі туындаған.

Жаңа орталықтарды құру кезінде «Атамекен» ҰКП-ға келіп түскен 2,4 мыңнан астам шағын және орта бизнес өтінішіне талдау жүргізілген. Оның ішінде 600-ден астам өтініш пилоттық жоба іске қосылатын өңірлерге тиесілі.

Кәсіпкерлердің негізгі мәселелері:

● қаржыландыруға қол жеткізу;

● берешекті қайта құрылымдау;

● мемлекеттік қолдау шараларын алу;

● салық мәселелері;

● өнімді өткізу;

● кәсіпкерлік дағдыларды дамыту бойынша консультациялар.

Сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласына қатысты сұраныстардың да көп екені атап өтілді.

Фархат Сәрсекеевтің сөзінше, орталықтардың тиімділігі көрсетілген консультация санына емес, нақты шешілген мәселелердің үлесіне қарай бағаланады. Бұл тәсіл мемлекеттік қолдаудың формалды есеп үшін емес, нәтижеге жұмыс істеуіне бағытталған.

Жоба «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Яғни кәсіпкер бірнеше мекемені араламай-ақ, «Даму» қорының филиалына келіп, өзіне қажетті барлық мәселе бойынша кеңес ала алады.

Пилоттық орталықтар мына өңірлерде ашылады:

● Астана;

● Алматы;

● Шымкент;

● Солтүстік Қазақстан облысы;

● Ақтөбе облысы.

Пилоттық кезең қыркүйектен желтоқсанға дейін жалғасады. Оның қорытындысы бойынша жаңа тетіктің тиімділігі бағаланып, жобаны Қазақстанның барлық өңіріне енгізу мәселесі қаралады.

Кеңес қорытындысында мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, қаржы реттеушілерінің және «Даму» қорының өкілдерінен тұратын арнайы жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. Бұл топ орталықтарды іске қосу мен олардың жұмыс істеу тәртібін пысықтайды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл