Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Бизнестің жол картасы – 2025»: «Шағын және микробизнесті шағын несиелеу» жаңа бағыты енгізілді
Жаңалықтар

«Бизнестің жол картасы – 2025»: «Шағын және микробизнесті шағын несиелеу» жаңа бағыты енгізілді

29.07.2020
1 мин
3
2491

Қазіргі таңда микробизнесті қолдау маңызды мәселе болып отырғанын айтқан  ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында жаңа бағыт 6% мөлшерлемесімен несие алуға мүмкіндік беретінін жеткізді.

«ШОБ-ты қолдау үшін Ұлттық банк бағдарламасы бойынша және «Бизнестің жол картасы 2025» желісі бойынша қызмет түрлері кеңейтіліп, несиелеу рәсімдері жеңілдетілуде. Қазіргі кезеңде микробизнесті қолдау маңызды мәселе болып отыр. Кредиттерге қол жеткізу және кепіл мәселелерін шешу ШОБ, әсіресе микробизнес дамуының негізгі факторы саналады. Сондықтан «БЖК2025» мемлекеттік бағдарламасына – «шағын және микробизнесті шағын несиелеу» жаңа бағыты енгізілді. Қаржыландыру субсидиялау есебінен 6%-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша қолжетімді болады. Бүгінде мұндай несиелер бойынша мөлшерлемелер көлемі жоғары. Жаңа бағыт 6% мөлшерлемесімен несие алуға мүмкіндік береді. Несиелер айналым қаражатын толықтыруға 5 млн теңгеге дейін және өндірістік қажеттіліктерге 20 млн теңгеге дейін беріледі. Қаржыландыру көздері - банктер мен микроқаржы ұйымдарының меншікті қаражаты болмақ. Бұл ретте кепіл беру мәселесі шешілуде. «Даму» қоры қарыздың негізгі бөлігінің 85%-на дейін кепілдендіруді қамтамасыз етеді. Бұл микробизнес өкілдерінің бірқатар бөлігін қамтуға мүмкіндік береді», - деді ол.

Министрдің айтуынша, микро және шағын бизнес жобаларын қарау келісім рәсімдерін оңайлату арқылы жеделдетілетін болады.

«Әлеуметтік қорғау, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жұмыспен қамту орталықтарында тіркеуді оңайлату, қашықтан оқыту әдістемелерін жетілдіру және ұлттық санитарлық-эпидемиологиялық қызметті күшейту жөніндегі шаралар қарастырылған. Мұндай шаралардың барлығы сыртқы күйзелістердің теріс салдарын азайтуға бағытталған. Сондай-ақ, кешенді жоспар экономика салаларындағы жедел мәселелерді шешуге, жұмыспен қамту мен кәсіпкерлікті қолдауға мүмкіндік береді», - деді Дәленов.

Дереккөз: Baq.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
3 Пікір
Ж
Жанар 29.07.2020
Менің жолдасым еш жерде жұмыс истемейди. Сол жумыспен камту орталығында каитарылмас кредит беріледі көп балалы ата аналар га деген 555теңге неше аи болды документ откизип коиганына алі тұшымды жауап не акша жок берген. 3жыл алдында да осы бизнес бастау жолымен жүгірген едим одан да нәтиже жок. 5балалы ата анамыз. 42500география өтиним берген еді олда жоқ. Кыскасы бизнестің жок картасы бағдарлама сы бойынша кімдерге беріледі өзі
Жауап беру
Ж
Жазира 29.07.2020
6%бен озиме бир касип ашсам ,кепилге кандай суммада не кою керек,жалпы калай алуга болады?
Жауап беру
Ж
Жанымгул 29.07.2020
Шагын жане орта бизнеске не жатады атап айтканда 6% пайызбен кимдер несие ала алады
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл