Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Блогер Мұрат Әбділда қайтадан қамауға алынды
Жаңалықтар

Блогер Мұрат Әбділда қайтадан қамауға алынды

24.04.2025
1 мин
0
175
Сурет: ашық дереккөз

Атышулы блогер Мұрат Әбділда пробация талаптарын бұзғаны үшін қайта қамауға алынды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қыркүйекте босап шыққан блогер Мұрат Әбділда шартты түрде мерзімінен бұрын босатылу тәртібін бұзғаны үшін қайтадан түрмеге қамалды. Сот шешімімен оның бостандыққа шығуының күші жойылып, қалған екі жыл жазасын түрмеде өтейтін болды.

Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының 23.08.2024 жылғы қаулысына сәйкес азамат М.Абдиллаевқа сағат 22:00-ден таңғы сағат 06:00 аралығында  үйінде болуға міндеттелген. Дегенмен азамат М.Абдиллаев сот жүктеген міндеттерді өз дәрежесінде орындамаған.

Атап айтқанда, учаскелік полиция қызметкері 17.03.2025ж. түнгі уақытта Мұрат Әбділданың тұрғылықты мекен-жайын тексеруге барған уақытта үйінде болмаған. Сот процессі барысында полиция бөлімінің жүйелі бұзушылықтар туралы дәлелдері расталды.

- Ер адамды мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың күші жойылып, жазаның қалған өтелмеген бөлігі 2 жыл 11 күнін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстырылды.

Мұрат Әбділда — Қазақстанда TikTok-та тікелей эфирде ән айтып, қалжыңдап, эпатажды стримдерімен танылған блогер. Оның видеолары әлеуметтік желіде тез тарап, жиі резонанс тудыратын.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл