Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Болашақ» тағылымдамасынан өтетін жұмысшылар санаттарының жаңа тізімі бекітілді
Жаңалықтар

«Болашақ» тағылымдамасынан өтетін жұмысшылар санаттарының жаңа тізімі бекітілді

14.03.2024
1 мин
0
533
Фото: «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

«Болашақ» бағдарламасының тағылымдамасынан өтетін жұмысшылар санаттарының жаңа тізімі бекітілді, деп хабарлайды «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы.

2024 жылғы 29 ақпанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында 2024 жылға арналған «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша тағылымдамадан өтетін жұмысшылар санаттарының тізімін қайта қарау туралы шешім қабылданды.

«Болашақ» стипендиясын дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған стратегиясы шеңберінде кадрларды даярлау және қайта даярлау мемлекеттік органдардың өтінімдері бойынша жүргізіледі.

Тізім келесі санаттарды қамтыды:

  • Инженерлік-техникалық қызметкерлер, агроөнеркәсіптік кешен саласының қызметкерлері;
  • Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері;
  • Медицина қызметкерлері;
  • Мемлекеттік қызметкерлер;
  • Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері;
  • Мәдениет, туризм және спорт саласының қызметкерлері;
  • Соттар және сот қызметкерлері.

Тағылымдамалардың ұзақтығы 1 (бір) айдан 12 (он екі) айға дейін. Тағылымдамадан 40-тан астам елдің жетекші университеттерінде, ғылыми-зерттеу орталықтарында, салалық ұйымдарында өтуге болады.

Тағылымдамадан өтуге үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • тағылымдамадан өтуші шетелдік ұйымның шартсыз шақыруының (қаржылық шарттарды қоспағанда) болуы;
  • жалпы жұмыс өтілі кемінде 3 (үш) жыл, оның ішінде құжаттарды тапсыру кезінде таңдалған мамандық бойынша соңғы 12 (он екі) ай ішінде үздіксіз жұмыс өтілінің болуы;
  • кемінде В1 деңгейде нәтижесі бар ҚАЗТЕСТ бойынша емтихан тапсырғаны туралы жарамды ресми сертификатының болуы;
  • IELTS: 9.0-ден 5.0, TOEFL: IBT 120-дан 35, PBT/ ITP 677-ден 417, DET 75-тен жоғары жарамды ресми сертификатының болуы.

Айта кетсек, тағылымдамадан өтуге үміткерлер жылжымайтын мүлікті кепілге қоймайды. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін соңғы 12 айда тұрақты табысы бар 50 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтары бола алатын екі кепілгерді ұсыну жеткілікті.

Тағылымдамалар туралы қосымша ақпаратпен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ bolashak.gov.kz. сайтында танысуға болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл