Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
2023-2024 оқу жылынан бастап 5-8 және 10-сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.
Бұған дейін қазақ тілінен емтиханды тек 9 және 11-сынып оқушылары ғана тапсыратын.
"Қазақ тілі" пәнінен емтиханды 5-8, 10-сынып оқушылары да тапсырады. Мұндай өзгерістер келесі (2023-2024) оқу жылынан бастап енгізіледі", - делінген министрлік хабарламасында.
Емтихан жазбаша және ауызша өтеді. Тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу сияқты дағдылар бағаланады. Емтихан тапсырмаларын мұғалімдер академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып өздері құрастырады.
Қазақ тілі пәнінен қорытынды баға емтихан және жылдық бағалау нәтижесі бойынша қойылады.