| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік кәсіпорынның бухгалтері 118 миллион теңге бюджет қаражатын ұрлап, қаражатты букмекерлік кеңседе бәске тігіп, автокөлік сатып алған, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Прокуратура мәліметінше, бюджет қаражатын заңсыз иемденген қызметкер «1XBet» букмекерлік кеңсесінде ақшаға тәуекел жасап, кейін сол қаражатқа автокөлік сатып алған.
Қылмыстық іс қозғалып, бухгалтер тергеу изоляторына қамалды. Автокөлікке тыйым салынды, ал мемлекет мүддесін қорғау бойынша бақылау жалғасып отыр. Тергеу арнайы прокурорлар бақылауымен жүргізілуде.