Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қарттар күні – халықаралық мереке. Ол 1990 жылы 14 желтоқсанда БҰҰ Бас ассамблеясында ресми бекітілген, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қарттар күні мерекесі ХХ ғасырда пайда болған. Бұл – аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және ардагердерге қамқорлық жасайтын күн.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 45-ші сессиясында 1990 жылы 14 желтоқсанда Халықаралық қарттар күні туралы қарар қабылданып, ол әр жыл сайын 1 қазанда атап өтілетін болды. Қазақстан да бұл күнді ресми мейрамдар мереке тізіміне енгізген.
Бұл күнді атап өтудің басты мақсаты – егде жастағы адамдардың мемлекет пен қоғам алдындағы еңбегін құрметтеу және тану, сондай-ақ олардың проблемалары мен қажеттіліктеріне, өмір сүру сапасын арттыру қажеттілігіне назар аудару, оларға жалпыға бірдей қамқорлық көрсету.
Олай болса, "көп жаса, ұзақ өмір тілеймін, ғұмырлы бол, айналайын, бақытты бол!" сынды тәтті сөздердің амбассадоры - қазыналы қарттарымыз аман болсын!