| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін елімізде құқық саласының маңызды өкілдері – адвокаттар кәсіби мерекесін атап өтуде, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Дәл осы күні, 1997 жылы, «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданып, тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет адвокаттардың жұмысына қатысты құқықтық және ұйымдық негіздер бекітілді.
Адвокат – жай ғана құқықтанушы емес. Ол азаматтардың мүддесін қорғайтын, заңмен кепілдік берілген құқықтарын қалпына келтіретін, күрделі өмірлік жағдайларда көмек қолын созатын кәсіби маман. Адвокаттың жұмысы терең білімді, жоғары жауапкершілікті, әділдікке адалдық пен заңды кәсіби деңгейде түсінуді талап етеді.
Қазақстандық адвокаттар қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, әділ сот төрелігін қамтамасыз етуге және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға елеулі үлес қосып келеді.