Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
4 желтоқсанда жол қозғалысына қатысты енгізілген жаңа заң күшіне енді. Бұл өзгеріс жол қауіпсіздігін арттыру мен жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған. Tрассаларда жылдамдықты асыру салдарынан әр үшінші жүргізуші қаза табады, сондықтан ІІМ жаңа ережелерді енгізді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Енді халықаралық және республикалық жолдарда жүрген жүргізушілер автоматты бақылауға алынады. Арнайы жүйелер түзулерде көліктің орташа жылдамдығын анықтайды.
“Орташа жылдамдық” жолды жүрген уақытқа бөлініп есептеледі. Айыппұл орташа жылдамдықты асыруға байланысты 5 АЕК (19 660 теңге) мен 40 АЕК (157 280 теңге) аралығында болады. Әр түрлі жол учаскелерінде “орташа жылдамдық” әр көлік үшін жеке есептеледі.
- ІІМ жол қозғалысының барлық қатысушысын ережелерді сақтап, басқа қатысушыларды құрметтеуге шақырады, - деп хабарлады ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы Ақтоты Боранова.