Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
“Бұл зоопарк емес”: Сенатор түрмедегі Бишімбаев туралы пікір білдірді
Жаңалықтар

“Бұл зоопарк емес”: Сенатор түрмедегі Бишімбаев туралы пікір білдірді

14.11.2024
1 мин
0
232
Сурет: kaztag.kz

Сенат депутаты түрмедегі Бишімбаевты көрсетуге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Сенат депутаты Марат Қожаев түрмеде жазасын өтеп жатқан Қуандық Бишімбаевтың неге жұртшылыққа көрсетілмейтініне қатысты пікір білдірді. Қожаев бұл мәселені азаматтардың құқықтарын қорғаумен байланысты екенін атап өтті. Оның сөзінше, жазасын өтеп жатқан азаматтың да жеке құқықтары бар, оны күшпен көрсетуге болмайды.

– Бұл хайуанаттар бағы емес. Тіпті жазасын өтеп жатқан адамның да құқығы бар. Егер ол көрінгісі келмесе, оны мәжбүрлей алмаймыз. Ресми тұлғаларға сену керек. Бишімбаев Степногорскідегі қауіпсіздігі жоғары мекемеде жазасын өтеп жатыр, – деді Марат Қожаев.

Депутаттың бұл мәлімдемесі Қуандық Бишімбаевтың қашып кеткені туралы тараған ақпаратқа жауап ретінде айтылды. Бұған дейін әлеуметтік желілер мен бірқатар БАҚ-та бұрынғы ұлттық экономика министрі әйелін қатыгездікпен өлтіргені үшін 24 жылға сотталған Бишімбаевтың түрмеден қашып кеткені туралы хабар тарап кеткен еді.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) бұл ақпаратты жоққа шығарып, Бишімбаевтың түрмеден қашпағанын мәлімдеді. Ал жалған ақпарат таратқандарға қатысты Қылмыстық кодекстің 274-Бабы (жалған ақпарат тарату) бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды.

Қазіргі таңда Бишімбаевтың қайда екені туралы ресми мәліметтер ҚАЖК тарапынан жарияланып, оның қауіпсіздік жоғары мекемеде жазасын өтеп жатқаны расталды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл