Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 100.48 |
Лайт | 0.00 | 96.05 |
Данные на 14:40 мск |
Бурабайда қоқыс өңдейтін зауыт салынады. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.
«Жыл соңына дейін Бурабайда және Щучинск елдімекенінен шығатын қоқыс-қалдықты өңдейтін зауыт салу жоспарланып отыр. Зауыт инвестордың есебінен салынады және ол үшін 200 млн теңге көлемінде қаражат жұмсалмақ. Зауыт тек қана қоқысты тазалап қана қоймай, оны сұрыптап, өңдейді», — деді Ақмола облысы Бурабай ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының жетекшісі Әділет Рахымжанов.
Коммуналдық шаруашылық басшысының айтуынша, қазіргі уақытта Бурабайдағы қоқыс полигонында 60 мың текше метр қоқыс жатыр.