Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Солтүстік Қазақстан облысының экс-әкімі Самат Ескендіров алаяқтық жасағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Белгілі болғандай, Самат Ескендіров пай үлескерлерінің жерін алдау арқылы сатқан.
- Сотталушы және тағы бір тұлға несие алу мақсатында жиналыс хаттамаларының жалған нұсқаларын жасап, оларды ЖШС қатысушыларының келісімінсіз әзірлеген. Кейін бұл хаттамаларды кепіл ретінде Бурабай ауданы ауыл тұрғындарының жер учаскелерін көрсету үшін пайдаланған. Нәтижесінде Самат Ескендіров басқа бір тұлғамен сөз байласа отырып, ауыл тұрғындарының жер үлестері бойынша құқықтарын кепілге қою және жерді ЖШС аффилиирленген кәсіпорнына беру арқылы материалдық шығын келтіріп, аса ірі көлемде алаяқтық жасады (ҚК 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы – “Аса ірі көлемде алдын ала сөз байласу арқылы жасалған алаяқтық”), – деп хабарлады Ақмола облысы Көкшетау қалалық сотының баспасөз қызметі.
Экс-әкімнің кінәсі жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен, жүргізілген тінтулер, тәркіленген төлем тапсырмалары, сарапшылар мен тәуелсіз аудитордың қорытындылары арқылы дәлелденген. Жаза тағайындау кезінде сот жәбірленушілердің көпшілігінің сотталушыға қатаң жаза тағайындамау туралы пікірін ескерді.
- 2023 жылы сот шешімдерімен ЖШС құрылтайшылары жиналысының шешімі мен үшінші тұлғаларға құқықтарды беру келісімі жарамсыз деп танылды. Осылайша, жер сот шешімімен жәбірленушілерге қайтарылды, сондықтан ауыл тұрғындарына материалдық шығынды өтеу негіздері болған жоқ. Сот үкімімен Самат Ескендіровке ҚК-нің 63-бабын қолдана отырып, бес жыл шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, – деп хабарлады сот.