| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда аэротакси жүйесін енгізу жұмыстары басталды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстанда жолаушыларды әуе арқылы тасымалдайтын аэротакси жобасы пилоттық режимде пысықталып жатыр. Қазіргі уақытта инфрақұрылым дайындау жұмыстары қолға алынған.
Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев елде аэротакси қызметін іске қосу мүмкіндігі қарастырылып жатқанын айтты.
Оның мәліметінше, жоба әзірге сынақ кезеңінде. Мамандар қону алаңдарын әзірлеу және арнайы әуе көліктерін алу жұмыстарымен айналысып жатыр.
Жоспар бойынша, бір аэротакси рейсі төрт адамға дейін тасымалдай алады. Ал қызмет бағасы туралы нақты ақпарат кейінірек жарияланбақ.
Министр сондай-ақ жобаны жүзеге асыру үшін заңнамалық өзгерістер қажет екенін жеткізді. Оның пікірінше, уақыт өте келе мұндай көлік түрі тұрғындар үшін қолжетімді бола түсуі мүмкін.