| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда мерекелік және атаулы күндерге берілетін әлеуметтік көмектің ең төменгі мөлшері қайта қаралып, енді 2,5 айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы тиіс, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстанда азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету тетіктерін жетілдіру бағытында бірқатар өзгерістер енгізілуде. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүргізіп жатқан жұмыстардың аралық қорытындылары барысында белгілі болды.
Аталған мәселе министр Асқарбек Ертаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте қаралған. Жиын барысында өңірлердегі әлеуметтік көмектің көлемі мен түрлеріндегі айырмашылықтар талқыланды. Қазіргі таңда мұндай көмектер әр облыста жергілікті бюджет мүмкіндіктеріне қарай әрқалай белгіленіп келеді.
- Осы ретте Үкімет біржолғы әлеуметтік төлемдердің ең төменгі шегін бекітті. Енді мерекелік және атаулы күндерге берілетін әлеуметтік көмектің мөлшері 2,5 айлық есептік көрсеткіштен төмен болмайды.
Табысы төмен азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшері енді тікелей ең төменгі күнкөріс деңгейімен байланыстырылады. Бұл көрсеткіш республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі. Соған сәйкес күнкөріс деңгейі артқан сайын әлеуметтік көмек көлемі де автоматты түрде ұлғайып отырады, - деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.