| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хантавирусқа қатысты таралу қаупі жөнінде түсініктеме беріп, қазіргі жағдайдың бақылауда екенін мәлімдеді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус хантавирустың жаппай таралу белгілері әзірге тіркелмегенін айтты. Оның сөзінше, қазіргі деректер індеттің кең ауқымда өршуіне негіз жоқ екенін көрсетіп отыр.
Сонымен қатар вирус анықталған круиздік кемеде эпидемиологиялық бақылау шаралары жалғасуда. Мамандар жолаушылардың денсаулық жағдайын жіті қадағалап отыр.
ДДСҰ өкілдері алдағы кезеңде жаңа жағдайлардың тіркелуі мүмкін екенін жоққа шығармайды, сондықтан бақылау жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде.
Қазіргі мәлімет бойынша, 9 адамнан хантавирус анықталған. Тағы екі адамға қатысты зерттеу нәтижелері күтілуде. Барлық науқас медициналық бақылауға алынған.