Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Бюджетке төлем жасау тәртібі өзгерді: Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа ережелер туралы ескертті
Жаңалықтар

Бюджетке төлем жасау тәртібі өзгерді: Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа ережелер туралы ескертті

08.04.2025
1 мин
0
696
Сурет: digitalbusiness.kz

Мемлекеттік кірістер комитеті бюджетке төлемдер жасау кезінде енгізілген жаңа талаптар жөнінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

- 2025 жылдың 13 қаңтарынан бастап Қазақстанда Ұлттық банк ISO 20022 халықаралық стандартына сай төлем хабарламаларының жаңа форматын енгізді. Бұл кезеңде елдің төлем жүйелері, екінші деңгейлі банктердің ақпараттық жүйелері және төлем нарығының өзге де қатысушылары бейімделу процесінен өтеді. Осыған байланысты Қазақстан аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларына (Ұлттық банктің 2016 жылғы 31 тамыздағы №208 қаулысымен бекітілген) өзгерістер енгізіліп, бюджетке төлем жасау үшін жаңартылған төлем тапсырмасы нысаны бекітілді, – делінген хабарламада.

Негізгі жаңалық – төлем тапсырмасында жаңа “Нақты төлеуші” бағанының енгізілуі.

Комитет өкілдері салықтар мен төлемдердің дұрыс есепке алынуы үшін осы бағанды дұрыс толтыру маңызды екенін атап өтті:

  • Заңды тұлғалар өз құрылымдық бөлімшелері үшін салық және әлеуметтік төлемдер жүргізген жағдайда, “Нақты төлеуші” бағанында бөлімшенің атауы мен БСН көрсетілуі тиіс.
  • Сот орындаушылары борышкерлердің атынан төлем аударғанда, аталған бағанда борышкердің толық аты-жөні мен ЖСН-і жазылуы қажет.

- “Нақты төлеуші” туралы деректердің қате немесе толық көрсетілмеуі қаражаттың дұрыс есепке алынбауына, сәйкесінше берешектің туындауына себеп болуы мүмкін. Ұлттық банктің талаптарын төлем тапсырмасын толтырғанда қатаң сақтау қажет. Түсініксіз жайттар туындаған жағдайда, екінші деңгейлі банктерге жүгіну ұсынылады, – деп ескертті Мемлекеттік кірістер комитеті.

Комитет барлық салық төлеушілерді төлем құжаттарын рәсімдеу кезінде мұқият әрі жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл