Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау орындарында доллар бағасы 518-524 теңге аралығында саудаланып жатыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ұлттық банктің 30 желтоқсанға белгіленген ресми бағамы бойынша 1 доллар 521,81 теңгені құрайды. Ресей рублінің орташа бағасы 5,05 теңге болса, еуро 543,67 теңгеге тең.
Kurs.kz дерегіне сәйкес, қазіргі таңда Алматыдағы валюта айырбастау орындарында доллар 522,5 теңгеден сатылып, 528,5 теңгеден сатып алынып жатыр. Еуро бағасы 540-547 теңге арасында өзгеруде.
Астанада доллардың сату бағамы 525 теңге, сатып алу құны 528 теңгені құрайды. Ал еуро 542 теңгеден сатылып, 547 теңгеден сатып алынуда.
Сонымен қатар Ресей рублі 5,00-5,15 теңге аралығында саудаланып жатыр.
27 желтоқсандағы кешкі сауда нәтижесі бойынша доллардың орташа бағасы 5,93 теңгеге қымбаттап, 521,98 теңгені көрсетті.