Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Дәрігер жаздың ыстығы жүкті әйелдерге ауыр тиіп жатқанын айтты
Жаңалықтар

Дәрігер жаздың ыстығы жүкті әйелдерге ауыр тиіп жатқанын айтты

19.07.2023
2 мин
0
622
den-der.kz

Гинекология және акушерия маманы, профессор Фарук Буйру жүкті әйелдердің жаздың ыстығында ерекше қиналатынын айтады. Өйткені ағзасына екі есе көп жүк түседі, деп хабарлайды Dauletten.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Дәрігер өз мәлімдемесінде жүктілік кезінде прогестерон гормоны жоғары болатындықтан дене температурасы 0,3-0,5 градусқа артып, сыртқы ыстық қаттырақ сезілетінін жеткізді.

«Аяғы ауыр әйелдер қосымша жүк көтеріп жүр. Бұл ішіндегі нәрестеге де, жинаған артық салмағына да байланысты. Сонымен қатар қан көлемі мен жүрек соғысы жиілігінің артуы секілді жүкті әйелдердің бойындағы кейбір қалыпты өзгерістер жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін. Қызуы көтеріліп-төмендейді. Бұған ыстық ауа райы қосылғанда әйел кәдімгідей қиналады», - дейді ол.

Фарук Буйру жүкті әйелдерге аптапты жайлы өткізу үшін көп су ішуге кеңес берді.

«Тәтті және газдалған сусындарды ішуге болмайды. Бұл асқазанды бұзады әрі артық калория. Шай мен кофені көп ішу де ағзадағы суды тез жоғалтуға себеп болады. Жүкті әйелдердің бірінші таңдаулы сусыны су болуы керек. Жаз айларында жүкті әйелдер ағзадағы суды көп жоғалтады. Оны молынан су ішу арқылы алмастыру өте маңызды. Сондай-ақ оларға минералды су, сүт, айран, тәтті емес лимонад, жеміс шырынын ішуге болады», - дейді дәрігер.

Жүктілік кезінде артық салмақ жинамаудың маңызына назар аударған Буйру көмірсудан бас тартып, жаңа піскен жеміс-жидек, көкөніс, көк-сөкті көбірек жеуді ұсынды.

Оның айтуынша, жүкті әйелдер жаздыңгүні сағат 11.00-16.00 арасында көшеге шықпағаны абзал. Шыға қалған күнде көлеңкеде жүріп, бас киім киіп, көзілдірік таққаны дұрыс.

Аяғы ауыр әйел ашық түсті мақта немесе зығыр киім кисе, өкпесі қысылмайды.

Бассейн немесе теңізден кейін дымқыл шомылу киімімен отырмағаны жөн, әйтпесе инфекция жұқтыруы мүмкін.

Буйрудың айтуынша, жазда жүкті әйелдер бастан өткеретін мәселенің бірі - қол мен аяқтың ісінуі.

«Әсіресе жүктіліктің соңғы кезеңдерінде таңертең және кешке қол-аяқтың ісінуі - аяғы ауыр әйелдердің бәрінде дерлік болатын жағдай. Ісіну қан қысымының жоғарылауымен бірге жүрсе, бұл ана үшін де, бала үшін де жағымсыз салдарға әкеп соғуы мүмкін. Ең алдымен қан қысымын және зәрде альбумин бар-жоғын тексеру керек. Яғни, бұл аурудың белгісі ме, әлде патология ма, соны анықтап алған дұрыс. Егер бұл қалыпты ісіну болса, тұзды тағамдардан аулақ болу керек және әсіресе кешкі уақытта аяқты жоғары көтеріп жатқан пайдалы», - дейді профессор.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл