Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Сенат депутаттары білім беру заңнамасына енгізілген өзгерістерді мақұлдады.Заң аясында енгізілген өзгерістердің бірі – халықаралық ғылыми жобалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері үшін конкурстан тыс мемлекеттік білім беру гранттарын беру, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жоғары білім және ғылым вице-министрі Ахмед-Заки Дархан Жұмақанұлының атйуынша, заң қабылданғаннан кейін нақты мамандықтардың тізімі әзірленеді. Соның негізінде дарынды оқушылар конкурсқа қатыспай, грант алатын болады. Ал халықаралық конкурстардың тізімі белгілі.
- Мәселен, физика, инженирия, математика мен информатика бойынша халықаралық олимпиадалар бар. Ондай олимпиадалардың саны шектеулі. Дәл сол олимпиадаларда жеңіске жеткен оқушылардың саны білім деңгейін көрсетеді, - деді Жұмақанұлы сенатта өткен брифингте.
Арнайы комиссия да құрылады. Оған халықаралық ғылыми жобалардың I,II және III орын жеңімпаздары қажетті құжаттарды тапсырады. Ал республикалық комиссия соңғы шешімді қабылдайды.
Айта кетері, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалардың жеңімпаздары “Болашақ” бағдарламасымен де тегін оқуға мүмкіндік алады.
Бүгін сенаторлар заңды бірауыздар мақұлдап, президенттің қол қоюына жіберді.