Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
 «Dauletten» қайырымдылық қоры 6 балалы анаға баспана берді
Жаңалықтар

 «Dauletten» қайырымдылық қоры 6 балалы анаға баспана берді

17.04.2023
1 мин
0
691

 «Dauletten» қайырымдылық қоры 6 баласы бар жалғызбасты анаға үй әперді, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Айымгүлдің жолдасы 2020 жылы жол апатынан қайтыс болған. Тағдырдың сынағына көнген жалғызбасты ана бұған дейін балаларымен Орал қаласы, Желаев кентінде үйді жалдап тұрып,  6 баласын асырау үшін мектепте гардеробта жұмыс істеген.

Бүгінде 2 баласы колледжде білім алуда. Ұлы грантта оқыса, қызының оқуына 400 мың төлеп, ақылы оқытып отыр. Ал балалар сабақтары аяқтала сала, бірден қосымша жұмыс кіріседі. Үйдің кенжесі 4 жаста.

Қасиетті Рамазан айында қайырымды жандардың көмегімен аталмыш отбасыға 20 млн теңгеге Орал қаласынан 4 бөлмелі үй алынды. Қосымша 500 мың теңгеге теледидар, шаңсорғыш, микротолқынды пеш, ас үйге ыдыстар, төсеніш, жастық, көрпе сатып алдық.

Сондай-ақ, Айымгүлге оралдық кәсіпкерлер мен белсенділер тамақ, киім беріп, сұлулық салоны қызметін ұсынды.

Айта кетейік, бұл дәулетті оқырман сыйлаған 58-баспана кілті болатын.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл