Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Dauletten» қайырымдылық қоры 60-ыншы баспананы сыйлады
Жаңалықтар

«Dauletten» қайырымдылық қоры 60-ыншы баспананы сыйлады

02.05.2023
1 мин
0
432

Қайырымдылық қоры Қонаев қаласынан 5 балалы жалғызбасты анаға 102 шаршы метр үйдің кілтін табыстады. Бұл мұқтаж жандарға сыйланған алпысыншы баспана, деп хабарлайды Dauletten.kz  

Тағдыр тауқыметіне бала кезінен ұшыраған Агата Тоқтамысқызы жастайынан ата-анасынан айырылып, әпкесінің қамқорлығында өскен. Сондықтан татулығы берік, бақытты отбасын құруды армандағанымен күйеуімен ажырасып, 5 баласымен жалғыз қалған. Отбасы бұған дейін 5 баласымен 1 бөлмелі саяжайды жалдап келген еді. Балаларының алды 17-де, ал кенжесі 4 жаста. Оларды асырау үшін кейіпкеріміз Алматыға қатынап нәпәқа тапқан.

Міне, дәулетті, әрі жанашыр оқырманның арқасында жалғызбасты ана кең сарайдай шаңырақтың иесі атанды.  

Агата Тоқтасынқызына Қонаев қаласынан 20 млн 300 мың теңгеге 4 бөлмелі, 102 шаршы метр үй сыйланды. Оның 5 сотық жері, кең ауласы бар. Сондай-ақ қайырымды жандардың көмегімен тұрмысқа қажетті газ плита, шәйнек, шаңсорғыш тарту етілді. Үй толық жиһазбен жабдықталған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл