Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
«Dauletten қайырымдылық қоры» тағы бір мұқтаж отбасына баспана сыйлады. Кезекті пәтер иесі күйеуінен аяқ асты айырылып, қиын жағдайда қалған 5 баланың анасы.
Алтынайдың жолдасын қыркүйек айында бір топ жігіт аяусыз ұрып, сабап кеткен. 5 баланың әкесі ауыр соққыдан бірден көз жұмған. Артынан қалған балаларын аяққа тұрғызуға барын салып жүрген ана пойыз вагонында мейрамханада жұмыс істейді. Айтуынша, тұрып жатқан пәтерлерінен үй иесі баланың көптігін себеп етіп, қуып шыққан. Кейін Алтынай балаларын Сарыағашқа, уақытша туыстарының қолына қалдыруға мәжбүр болған. Балаларының үлкені – 12 жаста, ал кішісі – 4 жаста.
«Анамыз жұмыста болғандықтан айына бір рет қана жүздесетінбіз. Анамызбен бір үйде болуды армандадық», - дейді балалар.
Баспана Шымкент қаласы, Қазығұрт шағын ауданынан 25 млн теңгеге алынды. Үйдің керек-жарағы мен қосымша қажеттіліктеріне 3 млн теңге жұмсалды. Айта кетейік, бұл осы уақытқа дейінгі қордың мұқтаж отбасыларға табыстаған 67-пәтері.
Қор жұмысының басты мақсаты - әлеуметтік санаттағы мұқтаж жандарға көмек пен білімді жастарға қолдау көрсету.