Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қуан, қазақ елі! Тағы бір отбасы баспаналы болды. "Dauletten қоры" 73-баспананың кілтін төрт балалы анаға табыстады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қайырымды оқырмандардың арқасында төрт баланың анасына Алматы облысы Жамбыл ауданы Көкқайнар ауылынан 8 млн теңгенің баспанасы бұйырды. Моншасы, арнайы жаздық ас бөлмесі де бар. Жиыны 1 млн теңгеге үйге қажетті көрпе-жастық, тұрмыстық техника толық алынды. Бұған дейін бұл отбасы тұрған үй қирауға шақ қалған еді. Аналары жұмыссыз. Үйдің үлкені 7-сыныпта оқиды, ал кенжесі - 6 жаста. Енді 20 соттық жері бар 6 бөлмелі үйде бұл отбасы лайықты өмір сүреді деп сенеміз.
Сондай-ақ ауыл әкімі үйге газ кіргізу жұмыстарын қолға алып, жергілікті белсенділер отбасыға АСП алу бойынша құжаттарды жинап, көмек беріп жатыр.
Жүрегі мейірімге толы жандардың арқасында, “Өз үйіміз болса екен” деген балалардың арманы орындалды. Балалар осы шаңырақта өсіп-өніп, әр сәті қуанышқа толы болсын! Игі істе қолдау білдірген барша жанға мың алғыс!
"Әр қазағым - жалғызым" деген оқырмандардың қолдауымен "Dauletten қоры" 2019 жылдан бері мұқтаж отбасыларға белсенді түрде баспана сыйлауда.
Тағы көру