Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
"Dauletten қайырымдылық қоры" мен "Ұлттық волонтерлік желі" қауымдастығы арасында меморандумға қол қойды.
"Ұлттық волонтерлік желі" қауымдастығы – азаматтар мен заңды тұлғалар арасындағы еріктілер бірлестігі. Қауымдастық БҰҰ және ЮНИСЕФ халықаралық ұйымдарының негізгі серіктесі. Ұйым жақсылық жасау мақсатында еліміздің көптеген компаниялары – Samruk-Kazyna Trust, «Теңізшевройлмен» бірлесе қайырымдылық акцияларын ұйымдастырған.
«Dauletten қайырымдылық қоры мен қауымдастық арасындағы келісім біздің атқарып жатқан істің мемлекет және қоғам тарапынан мойындалғанының дәлелі. Енді біз алдағы уақытта мемлекеттік деңгейдегі үлкен қайырымдылық істерді атқара аламыз. Бұл қайырымды оқырман мен қорға демеушілік білдіретін әр азаматтың арқасы. Бұл меморандум біздің алдағы уақытта ауқымды шаралар жасауға деген ықыласымызды арттыра түспек. Біз бірлесе азаматтық қоғамды қалыптастырып, түрлі қайырымды іс шараларды атқарамыз», - деді қор директоры Нұрсұлтан Орыналыұлы.
Айта кетейік, "Ұлттық волонтерлік желі" қауымдастығы елімізде 2010 жылы азаматтар, азаматтық қоғам институттары, бизнес секторлар және мемлекеттік құрылымдар арасында волонтерлік бастамалар мен еріктілер мәдениетін қалыптастыру, қолдау және дамыту мақсатында құрылған.