Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Dauletten қоры» тағы бір мұқтаж отбасына 66-баспананы сыйға тартты
Жаңалықтар

«Dauletten қоры» тағы бір мұқтаж отбасына 66-баспананы сыйға тартты

07.12.2023
1 мин
0
453
Фото: видеодан алынған

Алматы облысы Үшарал қаласында 16 жылдан бері пәтер жалдап тұратын қиын жағдайдағы отбасына «Dauletten қайырымдылық қоры» пәтер сыйлады.

Үшарал қаласының 1972 жылғы тұрғыны Айнагүл Бұрғанбаева екі баланың анасы. Отбасындағы екі бала да ауыр дертке шалдыққан. 1992 жылы туған үлкен қызы Айдана Бұрғанбаева сал ауруымен ауырады. Ал үйдің кенжесі 2004 жылғы Архат Тұрарлық эпилепсияның азабын тартып келеді. Өзін басқаруы қиын. Ұлы агрессияға берілсе, анасы мен қызы үйден қашып шығуға мәжбүр. Аналары 2015 жылы әкелерімен ажырасып кеткен. Екі баласына қарайлап отырған ананың жұмысқа шығуына да мүмкіндік жоқ. Десе де ай сайын 50 мың теңгені пәтер ақысына төлейді. Баспана етіп, қала шетіндегі аядай саяжайды паналап отыр. Жығылғанға жұдырық демекші, кейін, үй иесі саяжайды сатуға шешім шығарған. Тағдыр сынағын арқалаған отбасы далада қалудың аз-ақ алдында еді.

Ауыртпашылыққа шыдай алмаған ана Айнагүл Бұрғанбаева қыркүйек айында «Dauletten қайырымдылық қорына» өтініш қалдырған еді. Қор ұжымы жағдайды бірден назарға алып, қол ұшын созуға ниеттенді. Көп уақыт өтпей қайырымдылық үшін ақ жүректі халықтан көмек үшін ақша жинауды бастады. Аз уақыт аралығында 18 миллион теңге көлемінде қаржы жиналып, бұл отбасының көптен күткен арманы да орындалды.

17 500 000 тг-ге қала орталығынан 106 м² , 6 соттық, 3 бөлмелі үй сатып алынды. Қалған 500 мың теңге балалардың ем-домына жұмсалмақ.

Бүгін «Dauletten қайырымдылық қоры» пәтер кілтін табыстап, тағы бір отбасының қуанышына себепкер болды. Бұл осы уақытқа дейінгі қордың мұқтаж жанұяларға табыстаған 66-пәтері.

Үлкен арманына қол жеткізіп, қуаныштан көзіне жас алған Айнагүл Бұрғанбаева қор ұжымына және қайырымдылыққа ат салысқан барша халыққа өз алғысын білдірді.

“«Dauletten қоры» алғаш  хатыма жауап беріп, жағдайымызды білуге келгенде, осындай аз уақытта баспаналы боламыз деп ойламадым. Тіпті қалай болар екен деп те уайымдадым. Өз шаңырағымызға кіруімізге себепші болған халқым мен «Dauletten қорына» алғыс айтамын. Үйіміз құтты болсын! Балаларыма бұйырып тұрған үй болар. Өте қуаныштымын. Баршаңызға рахмет”, - деді Айнагүл Бұрғанбаева.

Айта кетейік, қор жұмысының басты мақсаты - әлеуметтік санаттағы мұқтаж жандарға көмек пен білімді жастарға қолдау көрсету.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл