Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Әскербекұлы Абаев Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Dauletten.kz.
2001 жылдың тамызы мен 2003 жылдың тамызы аралығында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында жұмыс істеді.
2003 жылдың мамыры мен 2007 жылдың мамыры аралығында Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы және Нидерланд Корольдігіндегі Елшіліктерінде дипломатиялық қызмет атқарды.
2007 жылдың мамыры мен 2007 жылдың желтоқсаны аралығында - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз қызметі бөлімінің бастығы.
2007 жылдың желтоқсаны мен 2008 жылдың желтоқсаны аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бас сарапшысы, консультанты.
2008 жылдың желтоқсаны мен 2009 жылдың қазаны аралығында - Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары.
2009 жылдың қазанынан - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
2011 жылдың қазанында Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды.
2011 жылғы шілдеден - Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.
2016 жылғы 6 мамырдан Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі.[5]
2019 жылдың 25 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды.
2020 жылдың 4 мамырынан – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.
2021 жылдың 11 қаңтарынан — Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі.
2022 жылы 11 қаңтарда ҚР Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды.
2023 жылдың наурызында ТМД Бас хатшысының орынбасары болды