Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазгидромет синоптиктері 6, 7 және 8 тамыздағы ауа райына болжам жаады.
Болжам бойынша, алдағы күндері Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
«Елдің қалған бөлігінде ауа райы оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталь бөліктер ықпалына байланысты болады. Мұнда көбінесе жаңбырлы ауа райы болжанады - найзағай, екпінді жел соғып, қысқа мерзімді жаңбыр жауады. Республиканың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, жел болуы мүмкін», - делінген хабарламада.
Ауа температурасында айтарлықтай өзгерістер болмайды:
күндіз батыста +30 +37 градус;
оңтүстік-батыста +27 +37 градус;
солтүстік-батыста +27 +35 градус;
солтүстікте, шығыста +22 +30 градус;
орталықта +20 +28 градус;
оңтүстікте, оңтүстік-батыста, елдің шығысында +30 +35 градус;
таулы аймақтарда +25 градус шамасында.