Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маса арқылы таралатын қауіпті вирустың бүкіл әлемге қатер төндіріп отырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz "Астана" арнасына сілтеме жасап.
Чикунгунья деп аталатын вирус бүгінде 119 елде тіркеліп, шамамен 6 миллиард адамға жұғу қаупі бар. Алғашында Үнді мұхитындағы аралдарда таралған бұл вирус бүгінде Африка мен Азия елдеріне, сондай-ақ Еуропаға да жеткен.
Ауру дене қызуының көтерілуімен, буындардағы қатты ауырсынумен сипатталады және ұзақ мерзімді салдарға әкелуі мүмкін. Сарапшылар эпидемияны дер кезінде бақылауға алмаса, бұрынғыдай ауқымды таралу қаупі бар екенін ескертуде.
Қазіргі уақытта вирусқа қарсы нақты ем жоқ. Сондықтан ДДСҰ жұртшылыққа сақтық шараларын күшейтуді және ашық киім кимеуді ұсынады.