Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Депутат бюджет қаржысының жекеменшік мектептер арқылы талан-таражға түскенін айтты
Жаңалықтар

Депутат бюджет қаржысының жекеменшік мектептер арқылы талан-таражға түскенін айтты

08.01.2026
мин
0
269
Сурет: akshabar.kz

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов жекеменшік мектептерді қаржыландыру барысында бюджет қаржысының мақсатсыз жұмсалып, заңбұзушылықтарға жол берілгенін айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов жекеменшік мектептерді қаржыландыру жүйесінде бюджет қаржысының мақсатсыз жұмсалып отырғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, кейбір жеке білім беру ұйымдары мемлекеттен бөлінетін қаржыны заңсыз жолмен көбейту үшін әртүрлі айла-шарғыларға барған.

Депутат Премьер-министр Олжас Бектеновтің бұл мәселені Үкімет деңгейінде көтеріп, жекеменшік мектептерді қаржыландыру тетігін түбегейлі өзгертуді тапсырғанын атап өтті.

- Бюджет қаржысы көлеңкелі схемалар арқылы игерілмеуі тиіс. Қымбат, ата-аналардан жоғары ақы алатын мектептер мемлекет есебінен қаржыландырылмауы керек, – деді Мұрат Әбенов.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, жүргізілген талдау барысында бірқатар жекеменшік мектептердің оқушылар мен педагогтар санын қағаз жүзінде көбейтіп көрсеткені анықталған. Аудит нәтижесінде 1 333 оқушының бір мектептен екіншісіне бірнеше рет ауыстырылғаны белгілі болды. Сонымен қатар, ондаған мектепте оқушы саны белгіленген нормативтен айтарлықтай асып кеткен.

Депутаттың айтуынша, мұндай заңбұзушылықтар білім сапасына ғана емес, мемлекеттік бюджетке де елеулі шығын келтірген. Бұдан бөлек, 2024 жылы 167 жекеменшік мектептің табысын жасырып, салықтан жалтарғаны анықталған. Тексеру басталғаннан кейін ғана олар мемлекет қазынасына 1,2 миллиард теңге салық төлеген.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл