Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Депутат Дәулет Мұқаев Мәжілісте қандай мәселе көтерді?
Жаңалықтар

Депутат Дәулет Мұқаев Мәжілісте қандай мәселе көтерді?

05.04.2023
2 мин
9
1459

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Дәулет Мұқаев баспана мәселесіне қатысты бірқатар ұсыныстарды атады, деп хабарлайды Dauletten.kz.

«Елімізде қолжетімді баспана ең өзекті мәселелердің бірі. Халқымыздың ұлы дала квартиранттары атанғаны да жанға батады. Анығын айтқанда, үйсіз-күйсіз жүрген қазақстандықтарды қолжетімді және сапалы баспанамен қамтамасыз ететін мемлекеттік бағдарламалар қолжетімді болмай отыр. Бүгінгі таңда тұрғын үй бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар халықтың сұранысын қанағаттардырмауда. Сондықтан төменгі ұсыныстарды жолдаймын», - дейді депутат Дәулет Мұқаев.

 Мәжіліс депутаты төмендегі мәселелерді қолға алып, шешімін табуды ұсынды.

«Біріншіден, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы «Бақытты отбасы» және «Шаңырақ» бағдарламаларының талаптарына өзгеріс енгізу. «Бақытты отбасы» бағдарламасы елімізде 2019 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Жыл сайын бюджеттен 50 миллиард теңге төңірегінде ақша аударылып, 8 мыңға жуық отбасы үйлі болды. Бағдарлама аясында максималды несиелеу сомасы аймақтар бойынша (Алматы, Астана, Шымкент, Атырау, Ақтау) максималды сома 15 миллион теңгеге тең еді. 2019-2020 жылдары бұл ақшаға 2 бөлмелі үй алуға мүмкіндік болса, қазіргі уақытта пәтер бағасы өскеннен тек 1 бөлмелі үй алуға мәжбүр. «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында көпбалалы отбасы деп, кемі 4 бала олардың ата-анасын қоссақ, кемі 6 адам. Дәл қазіргі уақытта жаңа үйлер конкурс негізінде берілгендіктен, кейбір отбасылар 32-40 шаршы метрлік бір бөлмелі пәтерде тұруға мәжбүр. Осыған байланысты бұл бағдарламаға өзгеріс қашан жасалмақ?

Екіншіден, Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің мәліметі бойынша 2022 жылы 129 707 жұп некеге тұрса, 51 220 жұп ажырасқан. Бұл дегеніміз үйленген жастардың 40%-ға жуығы (әрбір үшінші жұп) ажырасады деген сөз.  Ажырасудың басты себебі материалдық қажеттілік екенін ескерсек, баспана бірінші орында. Жас отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету біршама мәселелердің алдын алары сөзсіз. Сондықтан мемлекеттік деңгейде «Жас отбасы» бағдарламасын бастапқы жарнасы 10 пайыздан аспайтындай ұсынамын. Бүгінгі таңда Отбасы банкі тарапынан жүзеге асып жатқан «Жас отбасы» бағдарламасында бастапқы жарна – 50%-ды құрайды. Мұндай қаражат жинау жастарға қиындық тудыртады.

Үшіншіден, 7-20-25 жыры... Бағдарлама ұйымдастырушылары «ақша бар, бәрі жақсы, бағдарлама жұмыс істеп тұр» деп көрсетеді. Бірақ неге бұл жағдайда «7-20-25» бағдарламасы бойынша қазір Қазақстанда бірде-бір банк ипотека бермейді? Себебі маусым сайын лимит қойып қойған. Халық банктер алдында түнеуге мәжбүр болуда. Бұл тұрғыда «7-20-25» бағдарламасы бойынша лимитті алып тастау қажет. Бағдарлама 2029 жылға дейін созылады дегенімен, оған дейін аты бар заты жоқ бағдарламаға айналуы әбден мүмкін. Мыңдаған адам банктен мақұлдау алғанымен, лимит кесірінен үйдің кілтін ала алмай жүр.   

Төртіншіден, Жастарға берілетін жалдамалы пәтер мәселесі. Жыл сайын Астана, Алматы, Шымкент қалаларында кемі 1000 пәтерден 3000 пәтер берілу керек еді. Алайда, үйдің уақытында салынбауынан жастар жалдамалы пәтерлерін өткен жылы (2022) толық алмады. Яғни, бағдарлама істеп тұрған жоқ. Жастар санаты 29 жастан 35 жасқа дейін өскендіктен, алдағы уақытта берілетін пәтерлер саны да өсуді талап етеді. Әрі бұл бағдарлама тек 3 қаламен ғана шектелмей, еліміздің барлық аймақтарында іске қосылу керек. Осы мәселеге байланысты Үкімет тарапынан нақты қандай іс-шаралар атқарылмақ?» - дейді Мәжіліс депутаты.

Айта кетейік, Дәулет Мұқаев мемлекеттік бағдарламаларға қатысты өзекті мәселелерді депутаттық мандатына дейін де көтеріп келген болатын.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
9 Пікір
Р
Рустам 10.05.2024
20мын алып 1лям берып жатканыз распа жауап берсеныз 87073793609 келыншегым ужы 10мын берып койды енди 10мын салдырмай отырм 10мын салганын енды блып отырм????‍♂️шын болса ватсап жазыншы
Жауап беру
А
Арай 06.04.2023
Дәулетті қос қолдап қолдаймын. Мәжілісте қазақша сөйлеп жиналыстың сәні кіріп қалды ғой. Ринат, Нартай, Мақсат жан жақты қазақша сөйлеп қазақ тіліміз жанданып жаны кіріп жатыр ғой
Жауап беру
D
Dr. louis 06.04.2023
Бүйрегіңізді сатқыңыз келе ме? Сіз қаржылық дағдарысқа байланысты бүйрегіңізді ақшаға сату мүмкіндігін іздеп жүрсіз бе және не істеріңізді білмейсіз бе? Олай болса бүгін бізге хабарласыңыз, біз сізге бүйрегіңізге жақсы соманы ұсынамыз, өйткені біздің емханаға шұғыл түрде бүйрек қажет. Веб-сайт: https://stlouishospital.business.site Электрондық пошта: dr.louisclinic@gmail.com WhatsApp: +60176359983 Бағасы: $650,000$
Жауап беру
М
Макс 06.04.2023
Толықтай келісемін
Жауап беру
Ж
Жан 06.04.2023
Бақытты отбасы бағдарламасы бойынша тағы 7-20-25пен 2-нарықтан үй алуға мүмкіндік болса дұрыс еді. Бағдарламаға арнап салынған үйді әлі дайын болмаса қала облыстар қанша күтеді.
Жауап беру
Ж
Жадыра 05.04.2023
Орынды өзекті мәселе, одан бөлек қалада тұрғылықты тіркеу болу керек деген пункт көбін қинайды.Баламен пәтерлерін жалға зорға береді, тіркеу өзекті мәселе
Жауап беру
А
Айнура 05.04.2023
????????????
Жауап беру
Г
Гүля 05.04.2023
Жарайсың ҚАЗАҚТЫҢ Дәулеті! Бәріміздің өзекті мәселеміз, БАСПАНА!
Жауап беру
М
Мақсат 05.04.2023
Өте дұрыс айтты, өзекті мәселе
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл