Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Депутат Қазақстан оқулықтарының форматын сынға алды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Неге бір бекітілген стандарт жоқ, деп наразылық білдірді Дәулет Мұқаев. Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев оқулықтардың әртүрлі көлемде шығатынын айтып шағымданды. Оның айтуынша, осының салдарынан отбасы жыл сайын әртүрлі мұқабалар сатып алуға мәжбүр болады.
Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің депутаттары оқу бағдарламаларының мазмұнын жаңарту мәселесін талқылады.
Неге оқулықтар әртүрлі? Неге бекітілген бір стандарт жоқ? Бұл сұрақты неге қоямын? Әр оқу жылының басында әр сынып үшін жаңа мұқабалар сатып алуымызға тура келеді, себебі бір сыныптың оқулықтары келесі сыныпқа жарамайды, бір сыныптың өзінде оқулықтар әртүрлі. Кейде тіпті өз қолымызбен жасалған мұқабаларды қолдануға мәжбүрміз. Бұл не нәрсе? Менің ойымша, бір стандарт болуы керек, - деді Дәулет Мұқаев тақырыптық отырыс барысында.
2020 жылы шешім қабылданып, формат біріздендірілді. Яғни, содан кейін шығарылған оқулықтар бір форматта, ыңғайлы және үйреншікті түрде шығарыла бастады. 2016 жылдан кейін (2020 жылға дейін – ред. ескерту) шығарылған оқулықтар мектеп кітапханаларында қолданылып келеді. Әрине, оларды пайдаланылу мерзімі аяқталғанша шығармаймыз… Жаңа оқулықтар енді тек осы стандарттарға сәйкес шығарылатын болады. Сіз айтып отырған мәселе толық шешіледі деп ойлаймын, - деді бұрынғы ағарту министрі, депутат Асхат Аймағамбетов мұндай мәселенің бар екенін мойындап.
Оның айтуынша, оқулықтың қызмет ету мерзімі бес жылды құрайды.
Меніңше, екі жыл ішінде жаңа оқулықтар болады, - деп түйіндеді Аймағамбетов.