Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Достық- Мойынтының тағы бір учаскесінде  екінші жол бойынша пойыздар қозғалысы ашылды
Жаңалықтар

Достық- Мойынтының тағы бір учаскесінде екінші жол бойынша пойыздар қозғалысы ашылды

14.03.2025
1 мин
0
224
Сурет: ҚТЖ баспасөз қызметі

"Қазақстан темір жолы" Достық – Мойынты теміржол желісін кеңейту жөніндегі ауқымды жоба шеңберінде Бескөл және Достық станциялары арасында жаңа екінші жол бойынша қозғалысты ашты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бұл осы магистральдағы пайдалануға дайын екінші екі жолды учаске. Ағымдағы жылдың қаңтар айында Мойынтыдан Балқашқа дейін (127 км) екінші жолдар бойынша қозғалыс басталған еді.

Құрылыс барысында Бескөлден Достыққа дейін 155 км рельс-шпалдық тор және 106 бағыттамалық бұрма жинағы төселді, 26 көпір салынды және 29 жаңа құбыр орнатылды. Бескөл, Жаланашкөл, Ақши, Көктұма станциялары, Жайпақ, 16 және 19 разъездері жаңғыртылды. Сигнал беру, орталықтандыру және блоктау, байланыс және энергиямен жабдықтау құрылғылары қосылған. Қозғалыс қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін отандық өндірістің микропроцессорлық жүйесі сәтті енгізілді. 

ҚТЖ ағымдағы жылдың маусым айында Достықтан Мойынтыға дейінгі ұзындығы 836 км екінші жолдар бойынша қозғалысты толық ашуды жоспарлап отыр. Бұл теміржол желісінің ең көп жүретін магистральдарының бірінің өткізу қабілетін бес есеге арттырады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл