Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
V Консультативтік кездесу барысында бірқатар құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жиында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев сөз сөйледі. Сондай-ақ, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев құрметті қонақ ретінде шақырылды.
Саммит қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды:
1. Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Бесінші консультативтік кездесуінің қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме;
2. Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы жастар саясатының жалпы бағыттары туралы келісім;
3. Орталық Азиядағы жер үсті көлігінің өзара байланысын нығайту туралы келісім.